KZ
Өскемен
-13°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Бұқтырма өзеніндегі су деңгейі тұрақты бақылауда

Фото: ашық дереккөзден

25.01.2024, 11:10 154

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының ортасында Бұқтырма өзенінде су деңгейінің көтерілуі байқалды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.            


«Қазгидромет» РМК ШҚО және Абай облысы бойынша филиалының өкілі Инкар Асқарованың айтуынша, 2024 жылғы 12 қаңтардан бастап Барлық ауылындағы Бұқтырма өзенінің гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі байқалған.


«2024 жылдың 16 қаңтарында аталған бекеттегі су деңгейі шекті көрсеткіш - 300 сантиметрден асып, 335 см құрады. 24 қаңтардағы жағдай бойынша су деңгейі 199 см-ге дейін төмендеді. Алайда мамандар әр 4 сағат сайын бақылау жүргізуді жалғастырып, жергілікті атқарушы органдар мен ШҚО ТЖ департаментіне гидробюллетень жіберуде», - деп хабарлады Инкар Асқарова. 


Облыстың қалған су бекеттеріне келетін болсақ, қазіргі кездегі жағдай тұрақты. Өзендердегі су деңгейі шекті белгіден төмен.

«Өзендердегі мұздың қалыңдығы 10 см-ден (Глубочанка өзені, Белокаменка ауылы; Смолянка өзені, Северное ауылы) 74 см-ге дейін (Уба өзені, Шемонаиха қ.). Бұқтырма су қоймасында мұздың қалыңдығы 20 см-ден (Жаңа Бұқтырма кенті) 58 см-ге дейін (Зайсан өзені, Тұғыл ауылы) құрайды», - деп толықтырды Инкар Асқарова.  


«Қазгидромет» филиалы мамандарының болжамы бойынша, су тасқыны кезінде өзендердегі су деңгейінің көтерілуі шекті көрсеткіштен асып кетуі мүмкін.


Қауіпті шекті белгіден асқан кезде өзен ағысы бойынша төмен орналасқан елді мекендерді су басу қаупі сақталады.


Инкар Асқарова ақпан және наурыз айларында күн күрт жылынып, қатты жаңбыр жауған жағдайда ШҚО аумағында еріген қар мен жаңбыр суының тасқыны және беткейлік ағындар пайда болуы мүмкін екенін атап өтті.


                                                                     Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу