KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 1 м/с, З
512.34 582.07 6.31

ШҚО-да құтқарушылар мен әкімдік өкілдері су тасқыны қауіпті аймақтарды тексеруді жалғастырады (видео)

30.03.2024, 13:11 218 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов пен құтқарушылар Күршім ауданын тікұшақпен айналып өтті.

Ауданда су басу қаупі жоқ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

00:00
00:00
 

00:00
00:00
 

Мамандар Күршім және Қара Ертіс өзендерін зерттеді. Олардағы су деңгейі нормаға сәйкес келетіні анықталды.

- Күршім өзенінің бойындағы елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ, су басқан ауылдар жоқ, - дейді мамандар.

00:00
00:00
 

Сондай-ақ құтқарушылар Қара Ертістің саласын зерттеп, онда кептеліс таппады.

Боран ауылына да су басу қаупі төніп тұрған жоқ.

Қазір құтқарушылар Маралды ауылына барып, Марқакөл ауданын айналып өтеді.

00:00
00:00
 

Фото және видео: ШҚО ТЖД

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу