KZ
Өскемен
-39°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
512.16 594.72 6.57

Өскеменде Ұлан ауданының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

30.03.2024, 14:30 365 Назерке Каримова

Облыс орталығындағы ТНП сауда үйі алаңында кезекті сенбілік жәрмеңке ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл жолы Ұлан ауданының шаруа қожалықтары өз өнімдерін саудаға салды.

Сенбілік базарда әр түрлі еттен жасалған шұжық өнімдерінің мол таңдауы болды. Сондай- ақ, көкөніс, сүт өнімдері мен балық та болды.

Бұл жерден халық азық-түлікті тікелей өндірушіден тиімді бағада әрі балғын күйінде сатып алады.

- Еттің әр түрінен алдым. Бағалары әлдеқайда тиімді, келісі 2300 теңгеден қымбат емес, - дейді қала тұрғыны Күләш Долан.


Жалпы ұландықтар Өскеменге түрлі еттен бір тонна, 200 литр бал, 10 тонна көкөніс пен 500 литр сүт алып келген.

- Көкөністер көп, бағасы да қолжетімді әрі барлығының сапасы да жақсы, - дейді Мәрзия Шаймерден.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу