ШҚО-да үздік бағдарламашылар анықталды
Фото: shutterstock.com
Шығыс Қазақстан облысы колледждерінің білім алушылары арасында өткен «Coding Skills» бағдарламалау бойынша VI өңірлік олимпиадасының нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың жоғары IT колледжі студенті Владислав Рыбалкин КАСУ бизнес кафедрасының білім беру бағдарламалары бойынша бірінші дәрежелі дипломмен және 30% жеңілдікпен оқу сертификатымен марапатталды. Екінші дәрежелі дипломмен және бизнес кафедрасының білім беру бағдарламалары бойынша 20% жеңілдікпен оқу сертификатына Өскемен экономика және қаржы колледжі студенті Михаил Бондарчук лайық деп танылды. Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың жоғары IT колледжі студенті Мақсат Айылбековке бизнес кафедрасының білім беру бағдарламалары бойынша үшінші дәрежелі диплом мен 10% жеңілдікпен оқу сертификаты табысталды.
Естеріңізге сала кетейік, Өскемен қаласында Қазақстан-Америка еркін университетінің «Бизнес» кафедрасы мен Oskemen IT-Hub-тың бірлесе ұйымдастыруымен колледж білім алушылары арасында «Coding Skills» бағдарламалау олимпиадасы өткен болатын. Оған облыстың алты колледжінен қырықтан астам студент қатысып, бақтарын сынады.