Сәтті жоба: Оқушылар да кәсіптің ебін табады
![](/kz/uploads/posts/2023-05/7f9eb6196ae3d94bc589e83870520e95_1280x720.webp)
Фото: gov.kz
4 мамырда ТжКБ ұйымдарының студенттері мен мектеп оқушылары арасында «Сәтті жоба» бизнес-жобаларының облыстық байқауы өтті.
Байқау ШҚО білім басқармасының, ШҚО кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан-Американдық еркін университеті «Бизнес» кафедрасының, Өскемен экономика және қаржы колледжінің, ШҚО кәсіптік білім беру орталығының жоспарына сай ұйымдастырылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің кәсіпкерлік бастамаларын ынталандыру және дамыту мақсатында ұйымдастырылған сайыс 7 номинация шеңберінде өтті. Дәлірек айтсақ, жобалар «Green start up», «Әлеуметтік бастамалар», «Туризм», «Агроэкономика», «Креативті бизнес-идея», «IT-сала», «Сауда ісі» сынды бағыттарға бөлінген.
Мектеп оқушылары мен студенттерден 35 өтінім келіп түскен.
Жарысқа төреші ретінде ШҚО бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің, облыстық Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының және Кәсіпкерлер палатасы агроөнеркәсіптік кешенінің және өзге де мекемелердің жоғары білікті мамандары шақырылған.
Байқау жеңімпаздарына 1, 2, 3-ші дәрежелі дипломдар, қатысушыларға сертификаттар табысталған.