Жармалық Зарина Примак ел чемпионатында топ жарды
Талдықорған қаласында армрестлинг кіші жасөспірімдер, жастар және жасөспірімдер, ардагерлер, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Қазақстанның кезекті чемпионаты мәресіне жетті. Айтулы сында шығасқазақстандық спортшылар жалпыкомандалық 3-ші орыннан көрінді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жетісу жеріндегі ел біріншілігіне 15 облыс пен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 1000-ға жуық спортшы жиналды. Бұл жарыста аймақ намысын 70 спортшы қорғаған екен. Соның ішінде жармалық Зарина Примактың асығы алшысынан түсті. Шар қаласының тумасы 65 келіден жоғары салмақта үздік атанды. Ол осыған дейін Азияның екі дүркін чемпионы, сол секілді Әлем кубогінің иегері атанған еді. Бұған қоса Әлем чемпионатында да үздіктер қатарынан бірнеше мәрте орын алған. Бұдан басқа Жекебай Мұстаев пен Медет Алдабергенов те жақсы нәтижеге қол жеткізіпті.