Қалжыр өзені арнасына түсті — ауыл тұрғындары
бейнежазбадан алынған кадр
Марқакөл ауданындағы Қалжыр өзені арнасына түсті. Тұрғындар редакцияға бейнежазба жолдауда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жағдайды жіті қадағалап отырған ауылдың белсенді азаматтары жолдаған бейнежазбадан су деңгейі біршама төмендегенін көруге болады. Яғни дәл қазір елді мекендерге қызыл су қауіп төндіріп тұрған жоқ.
Еске салайық, кеше кешке жауын-шашынның мол түсуі және қардың жылдам еруі салдарынан Қалжыр мен Марқакөл ауылдары арасындағы республикалық маңызы бар автожолдың 56-57 шақырымында тасқын су жолға жайылды.
Жергілікті атқарушы орган өкілдері қауіптің алдын алу үшін дереу іске кіріскен.