KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 2,1 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Марқакөл көшелерін жөндеуге қаржы бөлінді – ШҚО

Фото: egemen.kz

6.07.2023, 16:30 385

Биыл облыстық маңызы бар «Күршім-Қалжыр» жолы жөнделеді.

Одан өзге бірнеше ауылдың көшесін жөндеу үшін қаржы бөлінген, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

Биыл облыстық маңызы бар «Күршім-Қалжыр» бағытындағы автожолдың 60-75, 91-106 шақырымына орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Аудан әкімдігі жұмыстар қыркүйек айында аяқталатынын мәлімдеді.

Сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында  Марқакөл (1,5 км) және Теректібұлақ (1,5 км), Маралды, Үшбұлақ ауылдарындағы көшелерге орташа жөндеу жүргізу үшін қаржы бөлінді. 

Нәтижесінде облыстық маңызы бар автожолдың 30 шақырымы жөнделеді. Осының арқасында қанағаттанарлық деңгейдегі жолдардың үлесі 98 пайызды құрайды, дейді әкімдік.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу