KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 1 м/с, С
521.81 543.67 5.05

Қазақстанның басым бөлігінде 14 сәуірде жаңбыр жауып, жел соғады

pixabay.com

14.04.2024, 14:00 160 Назерке Каримова

Шығыс Қазақстан және Абай  облыстарының аумағында 16 сәуірден бастап жаңбыр мен жылбысқы қар жауады деп күтілуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК ақпаратына сүйеніп.

– Атмосфералық фронтальды бөлімдер ҚР көп бөлігінде жаңбырлы ауа райын тудырады, жел соғады, оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады. Тек республиканың шығысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. ҚР бойынша найзағай, тұман болады, елдің оңтүстігінде жел күшейеді деп күтілуде, – деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте.


Соңғы тәулікте Ақмола, Шығыс Қазақстан және Абай облыстары бойынша 5 дауылды гидрологиялық ескерту шығарылды.  Атап айтқанда, Ақмола облысында Балқашын ауылындағы Жабай өзенінің гидрологиялық бекетінде су деңгейінің 4 сағат ішінде 27 см көтерілуі жалғасуда. Державинск қаласының Есіл өзенінің гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі 12 сағат ішінде 21 см-ге жалғасуда. Су деңгейі қауіпті деңгейден 15 см-ге асқан.

– Шығыс Қазақстан және Абай  облыстарының аумағында 14-18 сәуірде температуралық фонның жоғарылауына және 16 сәуірден бастап жаңбыр мен жылбысқы қар түріндегі жауын-шашынның болжамыны, сондай-ақ қардың қарқынды еруінің жалғасуына байланысты, еріген қар суы мен  беткейлік ағындардың қалыптасуы, өзендердегі су деңгейінің ары қарай көтерілуі күтіледі, - деді спикер.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу