13 сәуірде еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады
pixabay.com
«Қазгидромет» РМК ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Солтүстік және Оңтүстік циклондар және олармен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер ҚР көп бөлігінде найзағайлы, жаңбырлы ауа райын тудырады, оңтүстіктің таулы аймақтарында жаңбыр қатты жауады, елдің солтүстігінде түнгі уақытта жауын-шашын болады (негізінен жаңбыр). ҚР бойынша тұман, жел күшейеді деп күтілуде, - деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Өткен тәулікте шығарылған дауылды гидрологиялық ескертулер: Ақмола облысында Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің 12 сағат ішінде 21 см-ге көтерілуі жалғасуда. Петропавл қаласында Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің тәулік ішінде 144 см күрт көтерілуі байқалды. Долматово а. – Есіл ө. гидрологиялық бекетінде су деңгейінің күрт тәулік ішінде 135 см көтерілуі байқалды.
- Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуінен және еріген қар ағынының келуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде, - деді спикер.
Оқи отырыңыз