KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 3 м/с, З
441.58 480 4.86

Өскемен полициясы халықпен тығыз жұмыс істемек

Фото: egemen.kz

13.11.2023, 15:44 135

1-30 қараша аралығында Өскеменде «Сіздің учаскелік полиция қызметкеріңіз» акциясы мен ҚР ІІО «Үздік учаскелік полиция инспекторы» атағын тағайындау конкурсы өтеді.  

Осы шаралардың барысында учаскелік полиция инспекторлары үйлер мен аулаларды аралап, азаматтарға түсіндіру жүргізеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шара халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру, учаскелік полиция инспекторлары мен әкімшілік учаскелерде тұратын азаматтар арасында тығыз қарым-қатынас орнатуға бағытталған.

Полиция қызметкерлері тұрғындарға байланыс нөмірін беріп, тұрғындармен танысады.

Сонымен қатар, алдағы уақытта аумақтық полиция бөлімдерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары учаскелік пункттерде азаматтарды қабылдайды.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив