KZ
Өскемен
-22°
плотный туман Штиль
501.02 597.27 6.59

Қайсенов кентінің оқушылары БҚО-дағы балаларға көмек жіберді

20.04.2024, 19:00 560 Назерке Каримова

Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентіндегі орта мектеп оқушылары өздері үйден әзірлеп алып келген тәтті-дәмділерінің жәрмеңкесін өткізіп, жиналған қаржыны «Біз біргеміз» қорына аударды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

18-19 сәуір аралығында Қайсенов орта мектебінің оқушылар мен «Жас ұлан» ұйымы қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды.

- Оқушылар жәрмеңкеден түскен қаражаттарын Қазақстанның су басқан аймақтарындағы оқушыларға тамшыдай болса да көмек болсын деген ниетпен «Біз біргеміз» қорына аударды. Жәрмеңкеден 100 000 теңге жиналды. Акцияға 5-11-ші сынып оқушылары қатысты. Оқушыларымыздың осындай игі ісіне мектеп әкімшілігі және ұстаздары, ата-аналар қолдау білдірді, - деді мектеп әкімшілігі.


Бұл қайырымдылық шарамы алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу