Ұландық оқушылар республикалық жарыстан жүлделі оралды
Фото: gov.kz
19-23 сәуір аралығында Павлодар қаласында 7-8 сынып оқушылары арасында жеңіл атлетикалық кросс бойынша Ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңі өтті.
Жасөспірімдерді денешынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға баулуға бағытталған додаға облыс атынан Ұлан ауданы Таврия орта мектебінің оқушылары қатысқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Павлодар қаласында өткен мектеп оқушылары арасындағы спорттық байқауға облыс атынан Ұлан ауданы Таврия орта мектебінің оқушыларынан құралған команда қатысып, күш сынасты. Облыстық құрама жарыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды иеленді.
Оқи отырыңыз