Қаржы пирамидасының қақпанына түсіп қалмаңыз!
![](/kz/uploads/posts/2024-04/front-view-businessman-suit-tie-with-coins.webp)
freepik.com
ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті азаматтарды қаржы пирамидаларына ақша салмауға шақырады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысының Экономикалық тергеу департаменті «Тоқта, пирамида!» жедел-профилактикалық іс-шарасын тұрақты жүзеге асырып келеді. Бұл іс-шараның аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Соған қарамастан күмәнді операцияларға ақшасын салатын азаматтар саны азаймай отыр. Мамандардың айтуынша, қаржы пирамидаларының қақпанына түскен адамдар тез байып кетуді ойлап, оңай жолмен көп ақша тапқысы келетіндер.
Экономикалық тергеу департаменті азаматтарға қаржы пирамидаларының қызметін жарнамалаған және жүзеге асырған адам Қылмыстық кодекстің 217-бабы және 217-1-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді және күмәнді ұйымдарға ақша салмауға шақырады.