KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Мемлекетке 526 млн теңге зиян келтірген қылмыстық топ ұсталды -ШҚО

24.06.2020, 04:41 172

Шығыс Қазақстанда қылмыстық топтың кесірінен мемлекетке 526 млн теңге зиян келген. Бұл жөнінде Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті «STOP обнал» жедел-профилактикалық шарасы аясында іс жүзінде жұмыс атқармай, қызмет көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпестен шот-фактура жазып берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті.

 Ұйымдасқан топтың басшысы 2017-2019 жылдар аралығында бірнеше кәсіпорын құрып, ШҚО аумағында өзінің заңсыз қызметін жүзеге асырған.

Жалған кәсіпорындардың қызметі салдарынан мемлекетке 525 млн теңге көлемінде залал келген.

 Қазіргі уақытта ҚР ҚК 262-бабының 1-бөлімі және 216-баптың 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу