KZ
Өскемен
-13°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

Елімізде 26 қаржы пирамидасының көзі жойылды

29.09.2023, 14:41 274 Ләззат Қанатқызы

Ағымдағы жылы ҚР Қаржы мониторингі агенттігі 26 қаржы пирамидасының көзін жойды.

Бұл туралы ведомствоаралық комиссияның отырысында ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Айдын Молдабеков мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Департамент басшысы өз сөзінде өңірде қаржы пирамидаларына қарсы күрес бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Мәселен, күдікті сайттар мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарды бұғаттау, "Baiqa piramida" жеделхат-ботын енгізу. Яғни, ол бот арқылы азаматтар жобаны қаржы пирамидасының белгілеріне дербес тексере алады.

Сондай-ақ облыс көлемінде "Тоқта, пирамида" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп отырады. Десе де, аймақ тұрғындарының жеңіл табыс табуға әуестеніп, ақшаларын қаржы пирамидаларына салып жіберуі азаяр емес. Мәселен, биыл департамент облыстағы кезекті қаржы пирамидасының көзін жойған.

Оның ұйымдастырушылары "Telegram" арнасы арқылы фармацевтикалық компанияның атымен тұрғындарды алдап, 390 млн.теңгеден астам қаражат жинаған. Ал, қаржы пирамидасын құрған облыс тұрғыны қазіргі уақытта қамауға алынды.

Аталған пирамидаға алданғандардың қатарында Өскемен, Риддер қаллары мен Зайсан, Катонқарағай және Алтай аудандарының тұрғындары болған көрінеді.

Департамент қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар манипуляцияға бейім адамдарды бірден байқайтынын және өздеріне тартатынын еске салды. Олар моральдық-психологиялық қысым көрсете отырып, адамдардың проблемалары, армандары, жоспарлары туралы көбірек біліп алады. Кейін көмек көрсететін кейіп танытып, өз схемаларына көндіреді.

Сондықтан да ведомство халықпен әлі де профилактикалық жұмысты күшейту керектігін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу