KZ
Өскемен
-12°
плотный туман Штиль
498.55 524.28 4.75

Жалған банкроттық, ескі құбырлар және ауадан ақша жасағандар

2.04.2024, 22:22 129

ШҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2023 жылы  мемлекетке 5,5 млрд теңгенің шығынын қайтарды.

Департамент қызметі көлеңкелі экономика саласындағы криминогенді жағдайды жою, аумақтағы түйіткілді мәселелерді шешу, бюджетке түсетін қаражатты ұлғайту, келтірілген залалды өтеу, сондай-ақ экономикалық қылмыстардың алдын алу жұмыстарын атқаруға бағытталған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ведомство жұмысының нәтижесінде қылмыстық істерді тергеу барысында, қоғамдық мәселелерді шешуге, мектептердің, ауруханалардың, жолдардың құрылысына, зейнетақы мен жәрдемақылардың, сондай-ақ кәсіптің дамуына бөлінуі тиіс болғанымен оларға жетпей қалған миллиардтаған қаражат мемлекетке қайтарылып жатыр. 

Мысалы, «Мықты аумақтар – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының аясында бюджет қаражатын игеруді талдау барысында, ірі мемлекеттік сатып алуға қатысушы анықталып, Өскемен қаласындағы жаңа шағын ауданда салынып жатқан үйлерге трансформаторлы қосалқы станцияларды жеткізу мен монтаждауға бөлінген 895 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі ашылды.

Тергеу аяқталып, шығын мемлекетке толық көлемде өтелді.

Мамандардың дер кезіндегі әрекеті 34 көп пәтерлі тұрғын үйді, 2 балабақшаның, 1 мектепті және 2 спорт кешенін уақытында пайдалануға беруге  ықпал етті. Осылайша, 8 мың азаматтың, әлеуетті энергия тұтынушысының құқықтары қорғалып отыр.

Отын-энергетика саласында  артық делдалдық, мұнай өнімдері мен олардың заңсыз айналымы фактілері белгілі болды. Дизель отынын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында, «КТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС мен «КТЖ- Жолаушылар тасымалы»  ЖШС-не мұнайды жеткізу барысында артық делдалдық белгілері анықталды.

Дизель отыны делдалдар мен аффирленген кәсіпорындардан аталған кәсіпорындарға жеткізілетін бағадан  төмен бағамен сатып алынып, дизель отынының жеткізу бағасының 30%-ға дейін ұлғаюына әкеп соққан.

2023 жылы жүргізілген жұмыстар нәтижесінде келісімшарт бұзылып, «ҚТЖ- Жүк тасымалы» ЖШС мен «ҚТЖ-Жолаушылар тасымалы» ЖШС дизель отынын тікелей ұлттық оператор «ҚазМұнайГаз» АҚ-дан алып отыр.  Нәтижесінде артық делдалдықты жою арқылы мемлекеттің, атап айтқанда  «ҚТЖ» АҚ ның 18 млрд теңгесі үнемделген.

Қылмыстық іс сотта қаралып, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылған.

«Сельмонтаж» ЖШС  директорына қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі бойынша мемлекеттік сатып алулар саласындағы айыптау актілері шықты. Қабылданған шаралар нәтижесінде бұрын қолдануда  болған ескірген құбырларды монтаждау мен жеткізу сияқты фактілер жойылып, залал толық көлемде өтелді.

Жалған банкроттық саласында «АлтайСпецПромМонтаж» ЖШС директоры А.А. Вологодскийге қатысты айыптау актісі заңды күшіне енді. Тергеу барысында, 79 млн.теңгеге сатылған көлік құралдары анықталып, мемлекет кірісіне айналды.

 

Қаржы пирамидасына алданып қалма

 

Бүгінгі таңда Департамент қаржылық пирамидаларға қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстарды, соның ішінде ақпараттық-түсіндіру және қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша жұмыстарды жүргізуде.

Алайда күмәнді операциялар мен құмар ойындарына қаражат салатын азаматтар саны жыл санап өсіп келеді. Кейбір отбасылар үшін бұл үлкен індет. Әсіресе жастар көп. Соған қарамастан, қазақстандықтар жалған жолмен жұмыс істейтін азаматтарға сеніп, өз жиған-тергендерін жаңа пирамидаларға құяды.

Облыста осындай  қылмыстық іспен айналысқан «Chia-Tai-Tianqing Pharmaceutical» қаржы пирамидасының қызметі жойылды.

Олар өздерін ШҚО аумағында фармацевтикалық компания ретінде жариялап, телеграм әлеуметтік желісі арқылы  234 азаматтың жалпы сомасы 390 млн. қаражатын аталған пирамидаға тартқан.  Салымшылардың басым бөлігі – 20 жастан 60 жасқа дейінгі Өскемен, Зайсан, Риддер қалаларының және Катон-Қарағай мен Алтай аудандарының тұрғындары. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Пирамида құрбандары кірісі көп емес, жалпы білімі бар, денсаулық сақтау, білім беру саласында қызмет атқаратындар, зейнеткерлер және т.б.

Агенттік телеграм қосымшасында «Baiqa, piramida» атты телеграм ботты іске қосты. Мұнда азаматтар  қаржылық пирамида белгілерінің бар-жоғын өздігінен тексере алады. Егер компанияда қаржылық пирамида белгілері бар болып, аталған сілтеме кибернадзор жүйесі арқылы бұғатталған болса, пайдаланушыға ол туралы дереу түрде хабарлама жіберіледі.

- Агенттікпен телеграм қосымшасында «АФМ Insider» атты тағы бір телеграм бот іске қосылды. Аталған құрал арқылы қазақстандықтар экономикалық құқықбұзушылықтар туралы бір батырманы басып, хабарлай алады. Ресми бот хабарлама қалдыруға мүмкіндік береді. Содан соң хабарламаның мән-жайын жазып, «жіберу» батырмасын басу қажет. Ол қысқа мерзімде қаралады. Анонимділікке кепіл беріледі.

Азаматтарды күмәнді операцияларға ақша салмауға шақырамыз. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті диалогке ашық және көлеңкелі экономика саласында дайындалып жатқан, орын алған не болмаса бұрын болған қылмыстық құқықбұзушылықтар туралы хабарламаға жедел жауап беруге әрқашан дайын, - дейді ШҚО бойынша экономикалық тергеп тексеру департаментінің басшысы Айдын Молдабеков.

Егер облыс тұрғындары экономикалық құқықбұзушылықтарға тап болса, Өскемен қаласы, Новаторов көшесі 7/2 мекенжайы бойынша департаментке немесе 8 (7232) 24-06-05 сенім телефоны арқылы хабарласа алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу