ШҚО полицейлері браконьер-балықшыны құрықтады

Фото: Polisia.kz
Күршім ауылы маңында «Уылдырық» жедел алдын алу іс-шарасын өткізген табиғат қорғау полицейлері Бұқтырма су қоймасының тыйым салынған аумағынан балық аулаған 35 жастағы ауыл тұрғынын анықтады.
Тексеру барысында тәртіп сақшылары оқиға орнынан жалпы салмағы 115 келі шортан балығы мен екі ауды тәркіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ауыл тұрғыны өзінің заңсыз әрекетімен табиғатқа 800 мың теңгеден астам шығын келтіріп отыр.
Құқық бұзушы заң аясында жауапқа тартылатын болады.
Оқи отырыңыз