KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
513.55 602.09 6.42

«Ардагерлерді ардақтайық»: Жастар қарттарға қамқорлық көрсетіп келеді

26.04.2024, 14:26 376 Ержан Әбіш

«Жастар Рухы» ЖҚ ШҚО филиалының белсенділері мен Қазақстан-Американдық еркін университеті колледжінің студенттері «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында қарттарға қамқорлық көрсетуді жалғастыруда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бүгін олар Өскемендегі жалғызбасты қарт әженің үйін жинастырып, ауласын қоқыстан тазартты.

– Қарттар – асыл қазынамыз, еліміздің өсіп-өркендеуіне, бейбітшілікте өмір сүруімізге үлес қосқан асылдарымыз. Саналы ғұмырларын тынымсыз еңбек етумен өткізген ата-апаларымыз – жастарға үлгі. Оларды қастерлеу, жағдайын жасап, көмек көрсету – біздің парыз, – дейді белсенді жастар.

Дәстүрлі шараның негізгі мақсаты – тыл еңбеккерлеріне, жалғызбасты қарттарға қамқорлық көрсету, жастарды егде кісілерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу