KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
443.44 480.51 4.88

Ұлы Абайдың жиені Балтабек Ерсәлімов дүниеден озды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінен

5.05.2024, 21:00 70 Назерке Каримова

Филолог, өлкетанушы Балтабек Ерсәлімов Семейдегі Абай қорының ашылуына ықпал тигізгендердің бірі.

Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Семей қаласының және Абай ауданының құрметті азаматы Балтабек Ерсәлімов - 86 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпаратына сілтеме жасап.

Балтабек Ерсәлімов -  1938 жылы 28 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген. Қазақстан республикасының журналистер одағының мүшесі, «Еңбек  ардагері», «Тыңға 50 жыл» медальдарының, «Құрмет» орденінің иегері.

Балтабек Ерсәлімов Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезовтің рухани мұрасын насихаттап, Семейдегі Абай қорының ашылуына ықпал тигізгендердің бірі. 1992 жылы «Абай» журналының қайта шыға бастауына айтарлықтай үлес қосты. 1993 жылы баспадан жарық көрген «Абайдың ақын шәкірттері» деген жинақтың жауапты шығарушысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив