KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 1 м/с, С
452.92 484.99 5.12

Оқушылар Отан қорғаушылар күні қарсаңында полиция жұмысымен танысты

Фото: Рolisia.kz

6.05.2024, 14:06 76 Ержан Әбіш

Өскемендегі мектеп оқушылары Отан қорғаушылар күні қарсаңында ШҚО Полиция департаментінде болып, тәртіп сақшыларының жұмысымен жақынырақ танысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Балалар полицейлердің жұмысымен танысып, олардың қызметі туралы көбірек білді. Мұражайда оларға Қазақстан полициясының тарихы туралы айтылды. Содан кейін оқушыларға жедел басқару орталығының жұмысы көрсетілді.

Оқушы қыздар өз сыныптастарына, болашақ Отан қорғаушыларға күш, батылдық пен сәттілік тілеп, ризашылықтарын білдірді. Өйткені бұл – тек ересек ер адамдардың емес, өз отбасы мен елінің қорғаушысы болуға дайындалып жатқан ұлдардың да мерекесі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив