Тәртіп сақшылары футбол алаңында сайысты – Глубокое
Отан қорғаушылар күні қарсаңында Глубокое ауданында футбол жарысы өтті. Жарыс аудандық полиция бөлімінің жеке құрамының арасында ұйымдастырылған.
Іс-шараға қатысқан аудандық ПБ бастығы, полиция подполковнигі Серік Акасов жеке құрамдағы ер-азаматтарды мерекеге орай құттықтап, ізгі тілегін жеткізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жарысқа Глубокое аудандық ПБ тергеу бөлімшесі, жергілікті полиция қызметі бөлімшесі, уақытша ұстау изоляторы, әкімшілік полиция, Белоусовка КПБ кезекші бөлімінің қызметкерлері қатысып, күш сынасты.
Оқи отырыңыз