Алтай қаласының орталық көшесі абаттандырылады
Алтай ауданы әкімдігінен
Жұмыстар мамыр мерекелерінен кейін басталып, маусымға дейін аяқталмақ.
Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев Алтай қаласының орталық көшесін абаттандыру бойынша жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жиынға Тәуелсіздік көшесіндегі үйлердің қасбеттерін жөндейтін мердігерлер қатысты.
Сәулет бөлімінің басшысы орталық көшенің сәулеттік келбетінің бір түсті гаммадағы қасбеттерінің, кәсіпкерлік нысандарына іргелес аумақты абаттандырумен кіреберіс фойелерінің эскизімен таныстырды.
Жөндеу жұмыстары мамыр мерекелерінен кейін басталып, 15 маусымға дейін аяқталады деп жоспарлануда. 24 үй үш жағынан жөнделеді, бір түс таңдалды. Үйдің төртінші қабырғасын тұрғындар өз қаражаты есебінен жөндейді. Үйлерде орналасқан кәсіпкерлік нысандардың кіреберіс топтарының және маңдайшалардың біртұтас стилі қарастырылған.