KZ
Өскемен
-24°
туман жел 1 м/с, СБ
504.6 594.27 6.48

Өскемендегі «Жеңіс» мемориалдық кешені жөнделеді

13.02.2023, 19:05 517 Ләззат Қанатқызы

Ағымдағы жылы «Металлург» саябағын абаттандыру жұмыстары жалғасатын болатын.

Сонымен қатар  «Сәулетай» саябағы мен Стрелка ықшам ауданындағы «Жеңіс» мемориалдық кешені жөнделеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Облыс орталығында іске асырылған бірнеше абаттандыру жобасының арқасында қалалықтар бой жазып, серуендеп қайтатын демалыс орындарының қатары көбейді.

Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі мәңгі есте қалдырылды, батырдың құрметіне 19-шы ықшам ауданда ескерткіш орнатылып, саябақ ашылды.

Желтоқсан оқиғасы құрбандары мен батырларының құрметіне Қабанбай батыр көшесінен, Қазақстан көшесіне дейінгі Ертіс жағалауы Желтоқсан көшесі деп өзгертілді. Осы тұсқа «Желтоқсан алауы» мүсіндік композициясы қойылды.

Қабанбай батыр көшесінен Ертіс көпіріне, амфитеатрға дейінгі жағалау бойына және Согра кентіндегі Фасадная көшесі бойындағы скверге ауқымды  абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Республика алаңындағы плиталардың өрнектері жаңаланды. Қаланың сәулеттік келбетін қалпына келтіру үшін, Металлургтер мәдениет үйі маңында орналасқан Назарбаев даңғылының бойындағы үйлердің қасбеттерін, сондай-ақ аталған даңғылдың «Даниэль» сауда үйінен Ушанов алаңына дейінгі бөлігіндегі үйлердің қасбеттерін жөндеуге қаржы қарастырылып отыр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу