KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность жел 1 м/с, С
443.44 480.51 4.88

Өскемендіктер «Жеңіс рекордын» орнатты

8.05.2024, 09:00 51 Назерке Каримова

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай Достық үйі алаңында күш сайысы өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыс орталығында «Жеңіс рекорды» акциясы дәстүрге айналған. Бұл жол акция Ұлы Отан соғысындағы кеңес әскерінің жеңіске жеткеніне 79 жыл толуына орайластырылды. Бұндай шаралар Қазақстанның, Ресейдің, қала берді ТМД елдерінің басқа қалаларында да қолға алынған.

Өскемендегі Достық үйі алаңына жиналған жүзге жуық адам жалпы саны 28 836 рет кеудені жерден көтеру жаттығуын жасады. 28 836 – бұл бейбіт аспан астындағы күндер саны.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив