KZ
Өскемен
+2°
дымка жел 1 м/с, С
497.89 525.12 5

Отбасы күніне орай Аналар кеңесінің отырысы өтті

11.05.2024, 10:00 162 Назерке Каримова

15 мамырда дүние жүзінде Отбасы күні тойланады.

Осыған орай, Шығыс Қазақстан облысы ҚХА облыстық Аналар кеңесі форум өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Отбасы – мемлекеттің негізі. Дені сау, берік, тату, берекелі отбасы – салауатты қоғам мен мемлекет қауіпсіздігінің ең жоғары құндылығы және берік іргетасы.

15 мамыр - халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған.

Басқосуда Аналар кеңесінің мүшелері отбасындағы бақыт неден басталады, қазіргі қоғамдағы отбасы институтының рөлі, бала тәрбиесі сынды өзекті мәселелерді талқылады.

Аналар кеңесі отбасылық зорлық-зомбылықтың, жасөспірімдердің ерте жүктілігі және құқықбұзушылықтарының алдын алу мақсатында мектептерде, балалар үйлерінде және де жеке отбасыларда түрлі бағыттағы бірқатар маңызды шараларды өткізіп келеді. Олар отбасы құндылықтарын сақтау мақсатында көпбалалы, тұрмысы нашар, толық емес отбасыларға көмек қолын созып, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

- Аналар кеңесі көпбалалы отбасылармен кездесу, қайырымдылық акциялары, жалғызбасты, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету сынды шаралар атқарады. Мәселен, сәуір айында ауданның ауылдарын аралап, көмекке мұқтаж 30 балаға керек-жарақтарын алып бердік. Бұндай шаралар ай сайын, тоқсан сайын өткізіледі, - дейді Глубокое ауданындағы Аналар кеңесінің төрайымы Роза Әділбаева.


Форум әрі қарай Отбасы күніне арналған "Әрбір отбасы бақытты болсын" атты мерекелік концертімен жалғасып, шараға қатысқан отбасылар марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу