KZ
Өскемен
-26°
плотный туман жел 1 м/с, С
515.25 535.91 5.18

12 мамыр - Халықаралық мейірбикелер күні

ШҚО ЖИТС-пен күрес орталығы

11.05.2024, 14:00 192 Назерке Каримова

ШҚО ЖИТС-пен күрес орталығы Халықаралық мейірбикелер күнін атап өтуде.

Бұл мереке 150 жылдан астам уақыт бойы тойланып келеді. Бірақ бұл күнді 12 мамырда атап өту туралы ресми шешім 1974 жылдың қаңтарында ғана қабылданды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Дүние жүзінің мейірбикелері төл мерекелерін Қырым соғысы кезінде (1853-1856) әлемдегі алғашқы медбикелік қызметті ұйымдастырған әйгілі ағылшын әйелдерінің бірі Флоренс Найтингейлдің туған күнінде, яғни  12 мамырда тойлайды.

Биыл мереке жексенбіге сәйкес келіп тұр. ШҚО ЖИТС орталығында 12 медбике қызмет етеді, оны бірі бір ер адам. Тәжірибелі медбикелердің бірі Людмила Дементьева «Достық» кабинетінде 15 жыл, ал орталықтың өзінде 30 жыл бойы жұмыс істеп келеді.

- Біздің жұмысымыз үлкен жауапкершілікті талап етеді, - дейді Людмила Сергеевна. – Біз заман көшінен қалмауымыз керек, өйткені АИТВ – №1 инфекция. Біздің кабинет халықтың осал топтарымен жұмыс істейді: инъекциялық есірткі тұтынушылары (ДСБ) және жыныстық қызмет көрсетушілер, сондай-ақ ЕпенЕ тобы (ерлер мен ерлер жыныстық қатынасы). Бұлармен жұмыс жасау оңай емес.


Достық кабинетіндегі медбикелер АИТВ-ға жедел тестілеу жасайды, жағындыларды ала алады және талдау нәтижелері бойынша дәрігер емдеуді тағайындайды.

Тәжірибелі маман жастардың болашағына алаңдап, АИТВ-ның таралуына жол бермеуді өз міндеті деп біледі.

- Адамдар қазір бізге сеніммен қарауды үйренді. Өйткені барлық жеке бас деректері жасырын сақталады. Жастарды АИТВ-дан қорғау сынды басты міндетімізді орындай алатындығымыз шабыттандырады. Біздің аурудың алдын алып, біреуге пайдамызды тигізе алатынымыз қуат береді, - дейді Людмила Сергеевна.


Орталықтың барлық мейірбикелері: Достық кабинеті, Емдеу бөлімі, Қан тапсыру кабинеті барлығы бір-бірімен тығыз байланысты, өзара қолғабыс ете отырып жұмыс жасайды.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу