KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
475.39 513.37 5.4

ШҚО-ға жеткізілетін газ мөлшері көбейді

Фото: depositphotos.com

17.05.2024, 20:16 71 Ержан Әбіш

Ағымдағы жылы Шығыс Қазақстанға сұйылтылған газ жеткізу мәселесі толық шешіліп отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Былтыр облыста сұйылтылған газ тапшылығы мәселесі көтерілген, көгілдір отын тұрмыстық газ баллондарын толтыру үшін де, автожанармай құю станциялары үшін де қажет.

– 2023 жылы облысқа ай сайын 1,7 мың тонна сұйылтылған газ жеткізілген. Бұл жағдай әр айдың екінші жартысында жанармай тапшылығын тудырып отырған. Жеткізушілермен жүргізілген келіссөздерден кейін әкелінетін газ көлемі айына 2,8 мың тоннаға дейін ұлғайтылды. Бұл облыс халқының қажеттілігі үшін жеткілікті, – деді ШҚО энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов.

Шығыс Қазақстанда сұйылтылған газды 12 ұйым сатады, олардың алтауы отынды 22 автогаз құю станциясы арқылы өткізеді. Сонымен қатар өңірде 4 газ толтыру станциясы, 12 газ толтыру пункті, 84 газ тарату қондырғысы бар.

Автогаз құю станцияларында сұйылтылған 1 литр газдың бағасы – 76-81 теңге.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив