Алматылық театр ШҚО оперетта театрына көрімдік берді
ШҚО драма театрынан
М. Әуезов атындағы ұлттық драма театрының Өскемендегі гастрөлдік сапары жалғасуда.
Бүгін ШҚО драма театры сахнасында ұлттық драма театр репертуарында жиырма жылдан астам уақыт бойы сұраныстан түспей келе жатқан «Сыған серенадасын» қояды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ғасырлық тарихы бар М. Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театры өзінің мерейтойы қарсаңындағы бүкіл ел бойынша екі жылдық үлкен турнесін бастаған. Сәрсенбі күні ШҚО орталығы Өскеменге келіп, үш қойылымын паш етті.
Театр басшылығы құр қол келмей, облыста жаңа ашылатын оперетта театрына сыйлық ала келген.
- Шығыс Қазақстан облысында оперетта театры ашылатынын естіп жатырмыз. Қазақстанда қандай да болсын театрдың ашылуы - ең алдымен сахнагерлер үшін үлкен жаңалық. Театрдың көптігінен халық рахаттанбаса, одан зиян болмайды. Осы орайда өзіміздің театрымызда бірнеше тамаша актерлар киген, талай қойылымдарда әр түрлі кейіпкерлер болып шыққан костюмдер мен сахнада қолданылатын жабдықтарды (реквизиттерді) осы жаңадан ашылған театрға көрімдік ретінде ұсынып отырмыз, - деді М. Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театр директоры Еркін Тілеуқұлұлы.
Оқи отырыңыз