KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 2 м/с, ОШ
439.43 473.31 4.82

Әуезов театры Өскеменге келеді

instagram/auezovtheatre

27.04.2024, 17:00 73 Назерке Каримова

Мамыр айында Әкемтеатрдың өнер ұжымы ШҚО-ға гастрөлдік сапармен келеді.

Қазақ ұлттық драма театры шығысқазақстандықтарға бес үздік қойылымдарын қойып бермек, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

2024 жылдың 15-19 мамыр аралығында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында гастрольдік іс-сапармен келіп, өнер көрсетеді.

Мұхтар Әуезов атындағы Ұлттық драма театрының ашылғанына 2026 жылы ғасыр толады. Өз тарихында Әкемтеатр үлкен белестерден өтіп, ұлттық өнердің символына айналды. Шығармашылық әлеуеті жоғары театр ұжымы биік көркем өнер, жаңа тұрпатты мәдениет жасау; отансүйгіштік, ізгілік, адамгершілік, сұлулықты дәріптеу; әлемдік мәдени-рухани кеңістікке еркін еніп, ұлттық өнерімізді таныту жолында қалтқысыз қызмет етуде.

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры шығысқазақстандық көрермеге мына қойылымдарымен келмек:

  • 15 мамыр күні, сағат 19.00 - Ғабит Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш – Баян сұлу" махаббат дастаны
  • 16 мамыр күні, сағат 19.00 - Дулат Исабековтың "Жүз жылдық махаббат" драмасы
  • 17 мамыр күні, сағат 19.00 - Рахымжан Отарбаевтың "Қытайдан жеткен сәлемдеме" драмасы
  • 18 мамыр күні, сағат 19.00 - Исраил Сапарбайдың "Сыған серенедасы" мюзиклы
  • 19 мамыр күні, сағат 19.00 - Тынымбай Нұрмағамбетовтың "Бес бойдаққа бір той" комедиясы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив