KZ
Өскемен
+24°
ясно жел 3 м/с, С
481.19 538.45 5.18

Риддерлік жас актерлер «Түн патшайымы» қойылымына шақырады

Фото: 2gis.kz

20.05.2024, 10:16 257 Ержан Әбіш

ШҚО драма театры кішкентай көрермендерді «Түн патшайымы» музыкалық ертегісін тамашалауға шақырады. Қойылым 22 мамыр күні сағат 16.00-де басталады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл – Г. Андерсеннің әйгілі «Қар ханшайымы» шығармасының жаңа нұсқасы.

Сахнада Риддердегі «Favoritstar» театр студиясының 12-17 жасар актерлері өнер көрсететін болады. Спектакльдің қоюшы-режиссері және труппа жетекшісі – Светлана Морозова.

– Ертегіде Түн патшайымы билігін жүргізіп, шулаған және ұйықтамаған балаларды түн патшалығына ұрлап әкетеді. Ертегінің басты кейіпкерлері – Ася мен Максим Түн патшайымының бар екеніне сенбейді. Максим өзінің сенімсіздігімен Түн патшайымын ашуландырады. Патшайым оны суық жұлдызға айналдыру үшін сарайына алып кетеді. Ася Максимді құтқару үшін патшайымның сарайына аттанады. Ертегінің соңы немен аяқталатынын, балалар қандай таңғажайып оқиғаларға тап болатынын білгіңіз келсе, театрға келіңіздер! – дейді ұйымдастырушылар.

Қойылым 1 сағат 15 минутқа созылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив