KZ
Өскемен
+33°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
464.72 496.32 5.4

Биыл ШҚО-ның жүзден астам мектебі «Starlink» жүйесіне қосылады

фото: depositphotos.com

23.05.2024, 15:31 105 Ержан Әбіш

ШҚО-ның интернеті жоқ шалғай ауылдарына «Starlink» ғаломтор желісі кезекпен іске қосылуда.

Үлкен Нарын ауданының Сенное, Зайсан ауданының Жаңатұрмыс ауылдарындағы мектептерде «Starlink» желісі орнатылды. Енді ондағы оқушылар тест тапсыруға керек деректерді еш қиындықсыз жүктей алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– «Starlink» желісі арқылы біз электронды оқулықтар мен энциклопедияларға, бейнесабақтарға, презентацияларға, аудиоматериалдарға қол жеткізе алдық, – дейді Сенное орта мектебінің 7 сынып оқушысы Устинья Белякина.

Енді оқушылар мен ұстаздар еш кедергісіз интернет желісін қолдана алады. Жаңа мүмкіндіктерге жол ашылмақ.  

– «Starlink» желісінің жырақ ауылдардағы оқушылар мен ұстаздарға пайдасы зор. Ол бізге түрлі ақпарат алуға мүмкіндік беруде, – дейді Жаңатұрмыс мектебінің жаратылыстану мұғалімі Салтанат Сахариева.

Биыл облыстың Тарбағатай, Зайсан, Катонқарағай, Алтай аудандарындағы жүзден астам мектепке «Starlink» желісі орнатылатын болады. Байланыстың бұл жылдам әрі сапалы түрін тек білім беру мекемелері қолдана алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив