KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Шалғайдағы ауыл мектептері Starlink интернетіне қосылады - ШҚО

көрнекілік сурет: onlinekassa.pro

6.03.2024, 15:40 164

Шығыс Қазақстан облысының 171 мектебі алдағы уақытта Starlink технологиясы бойынша кең жолақты интернетке қосылады.

Бұл туралы бүгін өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында ШҚО әкімі Ермек Көшербаев мәлім етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аймақ басшысының айтуынша, өңірімізге жеткізілген заманауи құрылғы алдағы сәуір айынан бастап орнатыла бастайды. Нәтижесінде шалғайдағы ауыл халқы да сапалы интернеттің игілігін көретін болады. Мұндай тәжірибе Алматы облысында бар екенін айта кеткен жөн.

Starlink – 2015 жылдан бері іске асырылып келе жатқан америкалық SpaceX компаниясының жобасы. Ондағы мақсат – әлемнің кез келген нүктесіндегі пайдаланушыны жылдамдығы жоғары кең жолақты интернетпен қамтамасыз ететін ғаламдық спутниктік жүйе құру. Ол үшін әйгілі Илон Масктың компаниясы орбитаға 30 мыңға жуық спутник ұшыруды көздеп отыр.

Қуаныш Рахметоллаұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив