KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Ауылдарды кең жолақты интернетпен қамту кезең-кезеңмен жүзеге асырылады - ШҚО

Фото: 716.kz

27.12.2023, 17:00 156

Бүгінде ШҚО-да 363 елді мекеннің 172-сі мобильді интернетпен қамтамасыз етілген. Ал қалған 191 елді мекеннің кең жолақты интернет желісіне қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жол картасы бекітіліп, 2027 жылға дейін кезең-кезеңмен іске асырылады.

 

Келер жылы облыстық бюджеттен бөлінетін 107,1 миллион теңге қаражатқа тоғыз антенна-діңгек құрылысын (АДҚ) жүргізу көзделсе, 2025 жылы 23 АДҚ тұрғызу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

– 18 мыңнан астам бала оқитын 170 жалпы білім беретін мектепті тестілік қосу үшін «Starlink» интернет байланысына қосу мүмкіндігі қарастырылуда. Мұндай жоба биыл күзде Алматы облысының шалғай ауылдарында жүзеге асырылды. Ауылдың 10 мектебі Starlink спутниктер желісі тарататын интернетке қосылып, нәтижесінде бұрын жылдамдығы 4 Мбит/с болған интернет, 100 Мбит/с-қа жетіп, сәтті жүзеге асырылды. Жабдықты жеткізу 2024 жылдың сәуір айына жоспарланған, – деді  ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Серікхан Нұртазин.


 

Қуаныш Рахметоллаұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив