KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 3 м/с, СБ
481.19 538.45 5.18

Өскемендегі №12, 25а, 42 автобустардың бағыты өзгерді

pexels.com

1.06.2024, 14:30 119 Назерке Каримова

Енді бұл автобустар Протозанов көшесіне жетпей, Чехов көшесіне бұрылып, С. Нұрмағамбетов бойымен Спорт сарайына қарай шығады.

Бұл өзгерістер Протозанов көшесіндегі жылу жүйелеріне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өскемен жылу жүйелері АҚ өндірістік қажеттілікке байланысты «Өскемен» қонақ үйі аумағынан Протозанов көшесінің жол қиылысына дейінгі Қабанбай батыр көшесінде орналасқан ТК-651-ден ТК-652-ге дейінгі жер учаскесінде жөндеу жұмыстары басталғанын мәлімдеген болтын.

Автокөлік жолының екі жолағы жабылады. Көлік қозғалысы қарсы қозғалыс жолағы бойынша жүретін болады.

Осыған байланысты "Өскемен қаласы ЖТБО" ЖШС бірнеше автобустың бағыты өзгергенін де ескертті.

– 1 маусымнан бастап Қабанбай батыр көшесінен С. Нұрмағамбетова көшесіне дейін учаскесінде Протозанова көшесінің жөндеу жұмыстары уақытына №12, 25а, 42 бағыттар бойынша автобус қозғалысы Чехов және С. Нұрмағамбетов көшелері бойымен бағытталады. Жолаушылар «Оқушылар шығармашылық сарайы» және «Халық банкі» аялдамалары арқылы мініп, түседі. Сапарларыңызды жоспарлау кезінде осы фактіні ескеріңіз, – деп хабарлады "Өскемен қаласы ЖТБО" ЖШС.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив