KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 2 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

ШҚО-да «Шексіз шығармашылық» фестивалі өтеді

instagram/shqo_philharmonic

9.06.2024, 21:00 317 Назерке Каримова

Бұл мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылығына арналған фестиваль.

Фестиваль ертең сағат 17.00-де Өнер музейінде басталады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Фестиваль мәдениет саласының қызметкерлері мен мүмкіндіктері шектеулі жандардың арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, аталған санаттағы жандардың  шығармашылық қабілетін, әлеуметтік белсенділігін дамыту, өмірге деген құштарлығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған.

Фестивальда мүмкіндігі шектеулі суретшілер мен өнерпаздардың шеберлік сабақтары, көрме  және концерт ұйымдастырылады.

Концертте Наталья Петриченко, Алексей Никулин, Данил Дробышев, Азамат Сайлаубаев, Мағзат Мұқашев, Динара Әбілқайырова, Дашөнова Айдана, Канталинская Есения, Бекенов Қуаныш, Галымов Айзар өз өнерлерін көрсетеді.

Ал Ирина Усова, Сергей Елисеев өз суреттерінің көрмесін, сәндік-қолданбалы қолөнер шеберлері - Гауһар Сейілханова мен Вера Карпутсина кәдесыйлар ұсынады. 

Сондай-ақ шеберлік сыныбында  график–кескіндемеші  Марат Смаилов та өзінің суреттері мен бірегей кескіндеме және графика техникасын ұсынады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив