Самар ауданында балалар алаңы тозып тұр
Шартты сурет - автордікі
ШҚО-ға қарасты Самар ауылында мәдениет үйінің жанындағы балалар алаңы тозып тұр. Балаларына алаңдаған ата-аналар әкімдікке арыз түсірген көрінеді.
Аудан әкімдігі алаңды жөндеуге қажетті қаражат бөлу қарастырылып жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
— Аудан әкімі Нұрлан Махамбетов Самар ауылдық округінің әкіміне Самар ауылының тұрғындарынан түскен арыз бойынша ауылдағы мәдениет үйінің жанында орналасқан балалар алаңын жөндеуге қатысты бірқатар тапсырма берді. Бүгінгі таңда балалар алаңын жөндеуге 5 млн теңгенің сметасы дайындалды. Алдағы уақытта өтетін кезекті маслихат сессиясына ұсынылады, — деп жазылған аудан әкімдігінің 16 қазанда берген жауабында.
Оқи отырыңыз