Әскери борышын шығыста өтеген сарбаздар үйлеріне қайтты
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен
Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты №5518 әскери бөлімі кезекті сарбаздар легін шығарып салды.
Бұл жолы әскери бөлімде екі жүзге жуық мерзімді әскери қызметші Отан алдыңдағы борышын өтеп шықты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
Сарбаз атанғандардың бірі – Абай облысының тумасы Еламан Баимов. Еламан колледжді бітірген соң бірден Отан алдындағы борышын өтеуге ниет білдірген. Мерзімді әскери қызметтің қыр-сырын меңгерген сарбаз болашағын құқық қорғау саласымен байланыстыруды жоспарлауда.
Сарбаздар қызмет барысында Өскемен қаласының тыныштығын қамтамасыз етіп, екі жүзге жуық құқықбұзушылықтың бетін ашып, ерен ерліктің жарқын үлгісін көрсете білді.