KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

ШҚО әкімі мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады

ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен

23.06.2024, 12:30 98 Назерке Каримова

Бүгін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері кәсіби мерекелерін атап өтуде.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевтың облыстың мемлекеттік қызметшілерін құттықтады, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

– Мемлекеттік қызметкерлердің еңбектері қашанда ел азаматтарының назарында. Өйткені олардың басты мұраты – халықтың мәселелері мен тілектеріне назар аудару. «Халық игілігі үшін еңбек» - бұл әрбір мемлекеттік қызметшінің өмірлік кредосы болуы керек. Халықтың өмір сүру деңгейі, ұлттық жобалар мен бағдарламалардың жүзеге асуы мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс сапасына байланысты. Менің әріптестерім бар күш-жігерін демократияны қамтамасыз етуге, елдің экономикалық дамуы мен халықтың әл-ауқатының өсуіне бағыттауда. Мемлекетке қызмет етудегі адамдардың жоғары кәсібилігі, адалдығы мен жауапкершілігі ғана әр саланың барлық деңгейінде тиімді басқаруды дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Барлығыңызға табыс, бақыт, денсаулық және бақ-береке тілеймін! – деді облыс басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив