KZ
Өскемен
+28°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
477.03 521.44 5.43

Жаңа Согра, Радужный, Солнечное кенттерінде ыстық су болмайды

pixabay.com

23.06.2024, 22:00 58 Назерке Каримова

Жөндеу жүргізу үшін «Согра ЖЭО» ЖШС станциясының жұмысы тоқтайды.

«Өскемен жылу жүйелері» АҚ ақпараты бойынша, станция жұмысы тоқтайтындықтан Жаңа Согра, Радужный, Солнечное кенттерінде ыстық су болмайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл кенттерде ыстық су бүгін сағат 09.00-ден бастап тоқтатылды. 3 шілде сағат 17.00-ге дейін ыстық су болмайды.

Жоспарлы ыстық су өшірулері туралы хабарды Play Маркет пен App Store арқылы ұялы қосымшаны жүктеп алып; кәсіпорынның ukteplo.kz сайтындағы жеке кабинеттен; ukteplo.kz сайтының басты бетінен көруге болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив