KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
475.18 510.72 5.47

Таза Қазақстан: 7 мыңнан астам адам жауапқа тартылды

ШҚО ПД

29.06.2024, 17:00 76 Назерке Каримова

ШҚО-да қоғамдық орынды ластап, бүлдіргені үшін 7 мыңнан астам адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Учаскелік полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп қатты тұрмыстық қалдықтарды рұқсатсыз жинауға және шығаруға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша рейдтер жүргізуде.

- Ағымдағы жылдың басынан бастап қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 3900-ден астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 3390 адам жалпы пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.


Бұған дейін атап өткендей, абаттандыру қағидаларын бұзушылықтарды анықтау бойынша негізгі жүктеме учаскелік инспекторларға жүктелген.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив