KZ
Өскемен
-7°
переменная облачность жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

ШҚО жолдарын күтіп-ұстамағаны үшін 100-ден астам шенеунік жазаланды

27.04.2022, 14:36 128

Шығыс Қазақстан облысы жолдарына жыл басынан 1500-ден астам тексеру жүргізіліп, 100-ден астам лауазымды тұлға жауапқа тартылды. 

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әкімшілік полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жолдардың жағдайына тексеріп жатыр. 

Жыл басынан бері көшелер мен жолдарға 1 500-ден астам тексеру жасалды. Соның нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға қатысты 1 400 ұйғарым жасалды.

«Көшелерді, жолдарды күтіп-ұстаудағы олқылығы үшін жол-коммуналдық мекемелердің 118 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл тізімде жергілікті атқарушы органдардың жауапты қызметкерлері, бөлім басшылары мен мамандары, квазимемлекеттік сектор және мердігерлік ұйымдардың өкілдері бар», - делінген ақпаратта. 

Полиция департаментінің ұсынысы бойынша Өскемен және Семей қалаларында жаңа 6 бағдаршам орнатылмақ. Сондай-ақ осы қалалардағы жолдарға 30-дан астам оң жақ бұрылыс жасалады.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-дағы шекаралық аудандарда жол жөндеуге қатысты 37 жоба іске асырылатындығын хабарлаған едік.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу