KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Өскеменде «тірі» шырша сатқандар жауапқа тартылды

25.12.2019, 10:02 192

6 күн ішінде 17 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі

Қала аумағында 17 желтоқсан бері «Шырша»жедел алдын алу іс-шарасы жүріп жатыр. Тәртіп сақшылары шырша сататын дүкендер мен дүңгіршектерді аралап, «тірі» шыршаның бар-жоқтығын қадағалап жүр. 

– Табиғатты қорғау бөлімінің инспекторлары облыс орталығындағы сауда орындарын күн сайын тексереді, – деп мәлімдеді Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

 – 17-25 желтоқсан аралығында 386-бап бойынша жасыл желекке зиян келтірген 6 адамға қатысты 17 қатысты  әкімшілік хаттама толтырылды, рұқсатсыз сауда саттық-жүргізген 11 адам 204-баптың 1-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді табиғатты қорғау бөлімінің аға инспекторы Дархан Айтқазин.

Аталмыш іс-шара 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу