KZ
Өскемен
+5°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
483.23 534.74 5.12

Ірі сауда үйлеріне полицейлердің макеттері орнатылды - ШҚО

Фото: polisia.kz

1.07.2024, 16:52 95 Ержан Әбіш

ШҚО-да интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін сауда үйлеріне полицейлердің макеттері орнатылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Облыс орталығының 9 ірі сауда үйіне ескерту плакат ұстаған полицейдің макеттері орнатылды. Алдағы уақытта аудан орталықтарына 50 макет орнатылмақ.

Алаяқтар алдаудың түрлі тәсілін ойлап табуда. Мұндай жағдайда халықтың барынша хабардар болғаны дұрыс. Полицейлер профилактикалық іс-шараларды тұрақты өткізіп, азаматтарға ақшаларын алаяқтардан қалай қорғауға болатынын түсіндіріп келеді.

Полицейлер азаматтарды қырағы болуға шақырады. Ешкімге, еш жағдайда қолма-қол ақша бермеуге, телефонға бөгде қосымшаларды орнатпауға, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге кеңес береді. Егер сізге туысыңыз қиындыққа тап болды деп хабарласа, оған өзіңіз қоңырау шалып, алаяқтар емес екеніне көз жеткізіңіз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив