KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 1 м/с, С
494.87 520.65 4.91

Деректерді интернет-алаяқтардан қалай қорғау керек?

Фото: egemen.kz

9.06.2023, 10:43 414

Қазіргі таңда интернет-алаяқтықтың түрлері мен құралдары көп. Деректерді қолды болудан сақтаудың жолдары да бар.

Өскемен қалалық ПБ Жедел-криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары Азамат Рахадылов деректерді қорғаудың жолдарын атады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Қазіргі уақытта қылмыстың бұл түрлері ең көп және кеңінен таралған. Алаяқтардың құрбаны болмау үшін бірнеше қарапайым жағдайларды сақтауыңыз қажет. Есіңізде болсын, банк қызметкерлері, тіпті банк қауіпсіздігінің қызметкерлері ешқашан өз клиенттеріне қоңырау шалмайды. Ешкімге және ешбір жағдайда жеке деректерді хабарлауға және беруге болмайды (аты-жөні, ЖСН, карточка нөмірлерін, пин-кодтар мен СМС-тер және де картадағы 3 таңбалы нөмірді және т.б.). Телефонға белгісіз көздерден үшінші тарап қосымшаларын орнатпаңыз. 2 аптада бір рет мобильді банкингтегі кодтар мен картаның пин-кодтарын өзгертіңіз. Егер Сізге алаяқтар қоңырау шалған болса, ең бастысы, бірінші кезекте, тыныштық сақтап, күмәнді қоңыраулар мен СМС келіп түскен нөмірлерді бұғаттап, дереу «102» арнасына хабарласыңыз. Ең бастысы, қолма-қол ақшаның сақталуы сіздің қолыңызда екенін есте сақтаңыз, – дейді Азамат Рахадылов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу