KZ
Өскемен
-4°
небольшой снег жел 4 м/с, З
512.83 600.58 6.36

ШҚО-да найзағай, қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады

pexels.com

8.07.2024, 09:00 511 Назерке Каримова

«Қазгидромет» ШҚО филиалының ақпараты бойынша 8 шілдеде түнде облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Облыстың солтүстігінде, шығысында күндіз найзағай, қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с.

Өскемен қаласында найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу