KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

ШҚО полицейлері Франциядан келген туристерге көмектесті

11.07.2024, 17:11 106 Ержан Әбіш

Тарбағатайлық полицейлер саяхаттап келген франциялық отбасына көмек көрсетіп, қонақжайлықпен қарсы алды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. 

Француз саяхатшысы Никола Рабаскино жұбайымен және екі қызымен бірге Еуропа мен Азияның елдерін автоүймен аралап жүр. Ресейдің аумағын аралаған олар Шығыс Қазақстан арқылы Алматыға жол тартпақ болады.

Тарбағатай ауданына жеткенде Никола жергілікті полицияға барып, өз автоүйін полиция бөлімінің жанына қойып, бір түн түнеп шығуға рұқсат сұрапты. Тәртіп сақшылары болса қуана рұқсат беріп қана қоймай, қазақы қонақжайлықпен шетелдік меймандарға дастархан жайған.

– Қазақстанның шығысы бізді ерекше сый-құрметпен қарсы алды. Полицияның жанында өзімізді барынша қауіпсіз сезіндік. Олар бізді түскі және кешкі асқа шақырды, – деп жазды Никола өз блогында.

Тәртіп сақшылары француз туристерінің барлық құжаттары дұрыс заңдастырылғанын, олардың тарапынан көші-қон заңнамасын бұзу фактілері анықталмағанын атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив