KZ
Өскемен
-22°
плотный туман жел 1 м/с, В
505.71 591.43 6.65

«148 рұқсаттама тәркіленді». ШҚО-да жүргізушілер тәртіп бұзуда

22.04.2020, 04:35 1 413

Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері жүргізушілердің шектеу шараларын сақтауын қатаң қадағалауда. Тәртіп сақшылары Өскемен және Семей қалаларына кіріп-шығатын негізгі жолдарда тексеру жүргізді. 148 рұқсат қағазы тәркіленді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– 148 рұқсат қағазы тәркіленді. Бұл жүргізушілердің қала тұрмысын қамтамасыз ететін кәсіпорындарға ешқандай қатысы жоқ – деп мәлімдеді ШҚО ПД.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары жасыл түсті рұқсат қағазымен 21.00-ден кейін көлік жүргізгендердің рұқсаттамаларын және сайтта тіркелмеген қызыл түсті рұқсаттамаларды да тәркіледі. 12 жүргізуші сот арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту алды. Олар екінші рет тәртіп бұзған жағдайда 15 тәулікке қамалады.

Полиция департаменті тұрғындардан коронавирус инфекциясының таралауына жол бермеу мақсатында енгізілген шектеу шараларын қатаң сақтауды сұрайды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу