«Алтын Тұрғысын - 2024» фестивалінің бірінші күні би кешімен аяқталды
«Алтын Тұрғысын - 2024» XVII халықаралық фестивалінің алғашқы күні 90-шы жылдар стиліндегі би кеші мен от басындағы отырыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Алтай ауданындағы Малеев ауылында «Алтын Тұрғысын - 2024» XVII халықаралық фестивалі басталды. Фестиваль ашылуында өткен жылғы лауреаттардың және фестиваль қонақтарының концерті мен ескі халық билерінен шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.
- Кеше кешкісін би кешін өткізіп, артынша Бұқтырма өзенінің жағалауында ошақ жақтық, - дейді Алтай ауданының мәдениет бөлімінің басшысы Арман Асхатов. – Бүгінгі бағдарламада байқау өткізіп, қорытындысын шығарамыз, жеңімпаздарды марапаттаймыз.
Фестиваль қонақтары да өз әсерлерімен бөлісті.
- Мен бұл фестивальге бірінші рет қатысып тұрмын. Маған барлығы өте ұнап жатыр. Әдемі суреттер көрмесі, көңілді қатысушылар, тамаша шара, - деді Алтай қаласының тұрғыны Дарья Токарева.
- Мұнда келушілерге барлығы қызықты әрі көңілді. Ұйымдастырушылардың еңбегін жоғары бағалаймын. Келесі жылы фестиваль бұдан да ауқымды өтсе деген тілек бар, - деп қосты Алтай қаласының тұрғыны Антон Ушаков.
Бүгін фестивальдің екінші күні таңғы сағат 9.00-ден басталып, кешкі 17.00-ге дейін жалғасады.
Оқи отырыңыз