KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
519.61 610.13 6.54

Өскеменде республикалық веложарыс басталды

ШҚО Спорт басқармасы ұсынды
ШҚО Спорт басқармасы ұсынды
8.06.2024, 18:00 343 Назерке Каримова

Бүгін "Алтын Алтай" велосипед спорты бойынша республикалық жарыстардың салтанатты ашылуы өтті.

Жарыстарға Өскемен және Риддер қалаларының спортшылары қатысуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

BMX-Classic жарыс түрі бойыша "Алтын Алтай" велосипед спортына жүзге тарта адам қатысып жатыр. Жарыстар "Самал" паркіндегі BMX трек жолында 19 жастан асқан ерлер мен әйелдер, 17-18 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жасөспірімдер, 15-16 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар; 13-14 жас және одан кіші жастағылар арасында өтуде.

- Біз бірінші рет BMX-Classic республикалық жарыстарын өткізіп отырмыз. Шығыс Қазақстанда велоспорттың болашағы зор деп ойлаймын. Біз өз чемпиондарымызды тәрбиелеп шығарамыз, - деді ШҚО Велоспорты федереациясының президенті Елена Нитяжук.


Сайыс қортытындысы ертең белгілі болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу